Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Құқық мәселелеріне қатысты Нұр-Мүбарак студенттерінің белсенділігі жоғары (ФОТО)

Айша КЕҢЕСБАЙ, Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі www.muftyat.kz 15.11.2017 3494 0 пікір
Құқық мәселелеріне қатысты Нұр-Мүбарак студенттерінің белсенділігі жоғары  (ФОТО)

«Құқық қорғау, заң мәселелерін қадағалау, қылмыстың алдын алу шаралары сынды қоғам үшін аса маңызды сауалдарға қатысты студенттердің белсенділігі жоғары екен…»,-деді Алматы қалалық прокуратурасының өкілдері Нұр-Мүбарак университеті студенттерімен өткен кездесу барысында.

14 қараша күні Алматы қаласы прокуратурасының бөлім бастығы Бауыржан Молдажан мен аға прокурор Сәбит Төлегенов студенттермен кездесті. Кездесуде қалалық прокуратура тарапынан әзірлернген бейнероликті ұсынды. Онда жасөспірімдердің қылмыс жасауға қалай бой алдыратынын, заңды білмеу жауапкершіліктен құтқармайтыны секілді заң алдында жауап беру жайы қамтылған.

Прокурорлар бұл бейнесюжеттің өмірден алынғандығын айтып, қазіргі кезде қоғамдағы түрлі қылмыстардың алдын алуға қатысты мәселелерге тоқталды. Осыған орай студенттер сауалдарына да кезек берілді. Жастар прокурорларға  өздерін мазалаған тіпті тақырыптан тыс құқықтық мәселелерге қатысты сауалдарға дейін қойып жатты. Қазіргі қоғамдағы түрлі қылмыс, алаяқтық сынды толып жатқан түйткілдердің алдын алу үшін осы елдің азаматы ретінде қандай шаралар жасасақ болады деген сауалдарына ақыл-кеңестер  алды.

Қыздар тарапын негізінен орамал  мәселесі, әсіресе жұмысқа орналасу, қоғамдық орындарда түрлі келеңсіз көзқарастар мен ауыр сөздер еститін жағдайларда заң тұрғысынан қорғану жағдайы қызықтырды.

Кездесу соңында жастардың белсенділігіне ризашылығын білдірген прокурорлар мұндай кездесуді жиі өткізуге болады екен деген ойларын айтты. Прокурор Бауыржан Молдажан университет ұжымына:

- "Өзге оқу орындарға барғанда студенттер тарапынан көбіне селқостық байқалады. «Біздің қолымызда не тұр» дегендей немқұрайлылықты аңғаратынбыз. Ал Нұр-Мүбарак университетінің студенттері өз сауалдарын қойып, қоғамдағы түрлі салаларды қамтитын өзекті тақырыптарға да қатысты ойларына біздің пікірімізді сұрап жатты. Бұл өте қуанышты жағдай. Себебі қылмыстың алдын алу, қоғамдағы тәртіпті күшейтуге қатысты жастардың үлесі басым",-деп жылы лебіздерін білдірді.

Университет басшылығы да жастар арасындағы құқықтық сауаттылық пен жауапкершілікті күшейтетін шараларға қашанда қолдау көрсететінін айтып, прокурорларға алғыс білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру