Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

АҚТӨБЕДЕ СӘБИГЕ ДІНИ ЕСІМ ҚОЮ ЖИІЛЕГЕН

Kazislam.kz 10.11.2017 3952 0 пікір
АҚТӨБЕДЕ СӘБИГЕ ДІНИ ЕСІМ ҚОЮ ЖИІЛЕГЕН

Ақтөбе қаласында жаңа туған сәбилерге ислам дінімен байланысты есімдер қою жиілеген. АХАТ қызметкерлері соңғы жылдары осындай үрдіс көбейгенін хабарлады, деп жазады BNews.kz Aktobenews ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Осы жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында ер балаларға Мұхаммед, Мұхаммад, Абдурахим, Али, Расул, Ислам, Нұрислам, Ибраһим есімдері жиі қойылған.

Ал, қыздар арасында Медина, Хадиша, Раяна сынды аттар көп кездеседі. Жаңа туған балаға азан шақырып Дін деген ат қойып жатқандар да бар. «Ерекше қойылатын есімдердің бірі – Дін. Ал, ЭКСПО секілді шараларға немесе мерекелерге байланысты есімдер тіркелген жоқ» дейді АХАТ мамандары.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру