Алматыда қала имамдарының жиыны болды. Жиынды ҚМДБ-ның Алматы қаласы бойынша өкілі Нұрбек қажы Ауесханұлы мен Алматы қаласы дін істері басқармасының басшысы Айдар Рахымжанұлы жүргізді.
Жиналыс барысында қозғалған мәселелердің бірі - дін туралы заңнамаға енгізілетін өзгертулер. Айдар мырза өз сөзінде бұл заңның халыққа дұрыс түсіндірілуінің маңыздылығын, әрі бұл істі атқарудағы имамдардың алатын орнының ерекше екендігін атап өтті.
Өз кезегінде өкіл имам дін мамандарына халық арасында діни тұрақтылықты сақтап тұру үшін аянбай еңбек ету керектігін жіті назарда ұстап, жыл соңының жақындауына байланысты қорытынды есеп жасауға нақты тапсырмалар берді.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Алматы орталық мешітінің баспасөз қызметі
10.11.2017
4566
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру