Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШҚО: Өскемен өңірі мешіттерінің құжаттары сараланды (ФОТО)

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі. www.muftyat.kz 09.11.2017 3635 0 пікір
ШҚО: Өскемен өңірі мешіттерінің құжаттары сараланды (ФОТО)

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің арнайы бұйрығымен ҚМДБ-ның Іс басқарушысы Ербосын Орын және Мешіт істері бөлімінің басшысы Жанділлә Бекжігітов Өскемен аймағына іссапармен келді. Сапар барысында олар өңір мешіттерінің құжаттарын тексерді.

ҚМДБ Іс басқарушысы Е. Орын қазіргі таңда Діни басқарма тарапынан елдегі барлық мешіттерді толық құжаттандыруда бірқатар істер атқарылғандығын, мешіттердің құжаттарын реттеу, тіркеу бағытындағы қолға алынып жатқан шаралар туралы жеткізіп, мешіттерді толық құжаттандырудың маңыздылығына тоқталды.

Мешіт істері бөлімінің басшысы Жанділлә Бекжігітов ҚМДБ жанынан құрылған «Тауаф» қажылық компаниясы туралы айтып, Қажылық діни құлшылық болғандықтан Діни басқарма бұл іске аса назар аударып отырғандығын жеткізді.

ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек қажы Тасболатұлы өңір бойынша мешіттерді құжаттандырудың барысы туралы мәлімдеп: «Біз өңір бойынша мешіттердің құжаттарын толық реттеу сатысындамыз, мешіттерді тіркеу, заңдастыру барысында барлық мүмкіндіктерді пайдаланып, әкімдіктермен және құзырлы мекемелермен тығыз байланыста жұмыс жасап отырмыз» деп, атап өтті.

Өңір бойынша барлық мешіттердің құжаттары қаралып, кейбір құжаттар бойынша имамдарға тапсырмалар берілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру