Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, Байзақ батыр көшесінде орналасқан «Қалқаман-2» мешітінің бас имамы ауысқалы сегіз ай болды. Осы уақыт арасында жаңа тағайындалған бас имам Кенжеәлі қажы Мырзабаев қажы мешіт өміріне бірталай оң өзгерістер ала келді. Енгізілген жаңалықтар мен өзгерістер мешіт жамағатының толық көңілінен шығып отыр.
Әрдайым игі бастамалардың жетекшісі ретінде Кенжеәлі қажы Мырзабаев басқарып отырған «Қалқаман-2» мешітінде ауа райына қарамастан әр жұма күні Алла алдындағы құлшылығын өтеу үшін келген мұсылман бауырларға арнап дастархан жайылады. Бұл үрдіс Кенжеәлі қажы Қоңыратбайұлы Алмалы аудандық «Төле би» мешітінде бас имам болып жүргеннен бері бастау алған. Мешіт жамағаты үшін осындай үлгілі жұманың өткізіліп келе жатқанына бір жыл толды.
Мұнда көзделген басты мақсат - мешіт жамағатының басын бір дастарханда қоса отырып, дініміздің беріктігі мен бірлігін көрсету және жастардың жат ағымдарға қосылып кетуін алдын алу.
Дастархан басында жиналған жұрт имамдардың дәстүрлі дініміз туралы насихатын тыңдап, қазыналы қарияларымыздың ислам дінімен біте қайнасқан салт-дәстүр, әдет-ғұрпымыз туралы өсиеттер мен тәлім-тәрбиесін тыңдап, ақ батасын алады.
Үлгілі жұма үрдісі мешіт демеушілерінің қаржылай көмегімен өтеді. Мешіт жамағаты Алла үйінде Жаратушы Иеміздің разылығы үшін жасалған игі іс-шаралардың демеушілеріне шексіз алғысын білдіреді. Демеушілердің ақ ниеттері қабыл болып, өмірлеріне жəне кəсіптеріне Алла Тағала берекесін беріп, еліміздің бірлігі мен ынтымағын сақтауға бағытталған осындай үлгілі іс-шаралар жалғасын табуды нәсіп етсін! Сонымен қатар, Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, «Қалқаман-2» мешітінің бір топ жамағаттары мен ақсақалдары мешіт ұжымы мен басшылығына айрықша алғысын жеткізеді.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
«Қалқаман-2» мешітінің баспасөз қызметі
09.11.2017
4174
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру