Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевтың бастамасымен құрылған «Уақып» корпоративтік қайырымдылық қоры ҚМДБ-ның Өскемен аймағында қызмет етіп жатқан 11 имамына қаржылай көмек көрсетті.
Бүгінгі таңда «Уақып» қоры еліміздегі әлеуметтік аз қамтылған топтар мен рухани шараларды қолдап, қаржыландырумен қатар діни қызметкерлердің әлеуметтік жағдайын жақсартуға да назар аударып отыр.
«Уақып» қорының құрылуы имамдарымыздың әлеуметтік мәселесін жақсарту жолында игі қадам болды. Бұл жолғы қаржылай қолдау имамдардың алаңсыз қызмет атқаруы үшін зор көмек болып отыр» - деп атап өтті ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек қажы Тасболтаұлы.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
08.11.2017
4250
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру