Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«ИМАНДЫ ҰРПАҚ – ЕЛ ТІРЕГІ» АТТЫ ТАНЫМДЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ (ФОТО)

www.muslim.kz 08.11.2017 3800 0 пікір
«ИМАНДЫ ҰРПАҚ – ЕЛ ТІРЕГІ» АТТЫ ТАНЫМДЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ (ФОТО)

Халқымыз «Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді» деп бекер айтпаса керек. Жақында ғана Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында өткен «Иманды ұрпақ – ел тірегі» атты танымдық конференция осы бір нақылды тағы бір қуаттай түсті. Аудан орталығындағы мешітте ұзақ жылдар бойы ұстаздық етіп, имамдық қызмет атқарған Сабибулла Шайхысламұлының құрметіне орай ұйымдастырылған конференция жұмысы ұстаз ұлағаты алдындағы ұрпақ ілтипатының жарқын көрініс болды.

Жаңақорған ауылында айтулы шара аясында Сабибулла Шайхысламұлынан тәлім алып, тәрбие көрген көрген шәкірттері бас қосып, бірқатар игі істер ұйымдастырды. Солардың бірі – егеменді елімізді ертеңі болатын жас ұрпақ бойына имандылық нәрін сіңіріп, ел тірегі боларлық ер-азамат тәрбиелеуді мұрат тұтқан «Иманды ұрпақ – ел тірегі» атты танымдық конференция жұмысы болды. 

Ел-жұрты «Сәпен ұстаз» атап кеткен Сабибулла Шайхысламұлының құрметіне орай ұйымдастырылған алқалы жиынға «Әзірет Сұлтан» мешітінің бірінші наиб имамы Қуат Ерғалиұлы, Қызылорда қалалық «Айтбай» мешітінің бас имамы Нұржан Керімбеков  бастаған белгілі дін қызметкерлері қатысып, ұстаз ұлағатының ғұмыры ұзақ екенін көрсетті. Ел-жұртына ерекше сыйлы болған Сәпен ұстаз жайлы естеліктер мен ғибратты оиғалар тиегі ағытылған танымдық кештің тағылымын жергілікті жазушы Шайдарбек Әшімұлы, атақты ардагер ұстаз Шермағанбетов Зейнабдин, Жаңақорған аудандық қоғамдық кеңес мүшесі Қуандық Қарақожаұлы, Ішкі саясат бөлімінің басшысы Әбілғазы Берденұлы, т.б. ел ағалары арттыра түсті. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру