Бүгін, Шымкент қаласы облыстық орталық мешітінде тұңғыш рет Республикалық «Уақып» корпоративтік қайырымдылық қоры Оңтүстік Қазақстан облысы аумағындағы ауылдық мешіттердің имамдарына тұрақты қаржылай көмек беру салтанатты шарасын ұйымдастырды.
Аталмыш шараға ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы Ахметжан қажы Керімбек және облыстық Дін істер басқармасының басшысы Самат Сапарбаев қатысты.
Қажеттілікке орай, ай-сайын берілетін қайырымдылық көмектің орташа мөлшері 50-60 мың теңгені құрайды.
«Айта кетейік, елімізде 2563 мешіт бар. Ал оның 817-сі Оңтүстікте орналасқан. Бүгінгі шара барысында 80 мешіт қызметкеріне қаржылай көмек берілді. Алдағы 2018 жылы облыстағы жалпы саны 1782 мешіт қызметкерлерінің барлығына көмек беру жоспарлануда», - дейді облыстың бас имамы А.Керімбек.
Шара барысында облыс имамы А.Керімбек «Уақып» корпоративтік қайырымдылық қорының алдағы қызметі туралы жергілікті «Айғақ», «Отырар», «Оңтүстік ТВ», «TVK» телеарнасы мен облыстық «Оңтүстік Қазақстан», «Жануби Қазақстан», «Южный Казахстан» газеттеріне сұхбат берді.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ-ның ОҚО бойынша баспасөз қызметі
07.11.2017
4689
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру