«Уақып» корпоративтік қайырымдылық қоры Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұсынған тізімі бойынша 205 дін қызметкеріне қайырымдылық көмек көрсетті. Қор атынан тұрақты қаржылай көмекпен қамтамасыз етілген қызметкердің 20-сы – ақтөбелік имамдар. Соның ішінде бірінші кезекте, жалақыға мұқтаж аудан, ауыл мешіттері имамдарының жағдайы ескерілді.
«Қордың игі бастамалары көңіл қуантады. Әсіресе, ауылдық жер, аудан орталықтарындағы жалақыға мұқтаж молда, имамдарға қолдау білдіруі. Бұл қызмет сапасын жетілдіруге оң әсерін тигізеді деп ойлаймын. Қор жұмысына Алла берекесін бергей!» - дейді Шұбарши кенті мешітінің бас имамы Дархан Өксікбаев. Дархан – тұрақты қаржылай көмек тағайындалған жиырма имамның бірі.
Естеріңізге сала кетейік, бұдан бөлек «Уақып» корпоративтік қайырымдылық қоры «Нұр Мүбәрак» Египет ислам мәдениеті университетінде оқитын ақтөбелік 5 студенттің бір жылдық оқу ақысын өтеп берді. Алла разы болғай!
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі
06.11.2017
3365
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру