«Бар мейірім балаларға!» Осындай атаумен Атырау облысы білім беру басқармасының қолдауымен «Жас өрен» жастар қоғамдық бірлестігі қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.
Жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға рухани, әлеуметтік тұрғыда қолдау көрсету мақсатында өткен шараға Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының Атырау облысы бойынша өкіл имамы Батыржан қажы Берденұлы қолдау білдіріп, орталық «Иманғали» мешіті қамкөңіл балалардың киім-кешекпен қамтамасыз етілуі үшін арнайы қаржы бөлді.
Ізгі іске арнайы қатысқан «Иманғали» орталық мешітінің наиб имамы Мұрат Мұстафаев, адамзаттың асылы, екі дүниенің сардары, ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с) Мұхаммедтің жетім өскендігін мысал ете отырып, балаларға имандылық, қайырымдылық мақсатында уағыздар айтты.
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі.
06.11.2017
3320
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру