Атырау аймағына бес күндік жұмыс сапары барысында Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы Ғұламалар кеңесінің мүшесі, Пәтуа бөлімінің орынбасары Сансызбай Құрбанұлы жергілікті әйел жамағатымен жүздесті.
«Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан қажы Берденұлының бастамасымен әйел жамағат үшін Атырау қаласындағы «Ифтар» мейрамханасында жайылған дастархан басында, қоғамның іргетасы саналатын отбасының исламдағы ролі, бала тәрбиесіндегі әкенің, ананың маңызы туралы айтылды. Елге белгілі ұстаз, Пәтуа бөлімінің орынбасары Сансызбай Құрбанұлы бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тәрбиелейтін әйелдердің орны ерекше екендігін атап өтті. «Исламда әйел біріншіден мұсылмандардың тәрбиешісі. Исламның болашағы аналардың алтын қолдарында. Дегенмен, еркек пен әйелдің атқаруы тиіс жұмыс баптары өзгеше» деп атап өткен ұстаз, нәзік жандыларды толғандырған сауалдарға жауап берді.
Батыржан қажы Берденұлы отбасының ең үлкен, мықты тәрбие ошағы, шағын мемлекет екендігіне тоқталды. «Отбасы баланы өмірге әкелумен бірге, мәдени-әлеуметтік ортаның құндылығын қабылдауға, ата-бабалардың ақыл-кеңес тәжірибесін бойына сіңіруге жауапты. Бала дүниеге келгеннен бастап, ата-ананың ықпалында болып, бағыт беруші тәрбие мектебінен нәр алады» деген облыстың бас имамы Батыржан Мансұров, тәрбиенің негізі ананың әлдиінен басталатынын айтты. Иә, ана тәрбиесі қашанда ұлылық дәнін себеді.
Тағылымды кездесуге елуден аса әйел жамағаты қатысты. Айта кетелік, бүгінде «Иманғали» орталық мешіті жанынан құрылған әжелер мектебі ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру жолында табысты жұмыс атқарып келеді.
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі.
03.11.2017
3311
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру