Иордания королі Абдалла ІІ Қазақстан халқына және президент Нұрсұлтан Назарбаевқа қонақжайлығы үшін алғыс білдіріп, «достары және бауырлары арасында» болғаны өзін қуантып отырғанын айтты деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
«Бiз сiздердiң елдерiңiздiң аймақтағы, әлемдегi ерекше рөлiн атап өткiмiз келедi. Таяу Шығыс пен онда болып жатқан маңызды әлемдiк оқиғалардағы жеке сiздiң атқарып жатқан рөлiңiз аса маңызды. Сiз өз әкеңiздiң iсiн жалғастырып, әлемнiң елшiсi саналасыз, бейбiт өмiрге шақырасыз. Қазақстан да өз аймағында осындай рөл атқаруға тырысып жатыр», - деген Назарбаев Қазақстан ядролық қарудан бас тартқан ел екенiн еске салды.
Сонымен қатар, Елбасы Иорданияның Сирия мәселесi бойынша Астана процесiнде де маңызы зор екенiн айтты.
«Бiздiң елдiң рөлiн ескере отырып, мен ядролық қаруға қарсы күресте ерекшеленген азаматтарға арнайы сыйлық бекiттiм. Қазақстан нөмiр бiрiншi сыйлықты сiзге тапсыруды жөн көрдi. Мен сәйкес Жарлыққа қол қойдым. Бұл сiздiң еңбегiңiздiң еленгенi деп бiлiңiз. Сондай-ақ, бiз Сирия, Ирактағы және жалпы осы аймақтағы соғыстарға қарамастан бiтiмгершiлiк рөлдi одан әрi жалғастырасыздар деген сенiмдемiз. Бұл жұмыс халықтарды бiрiктiредi», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Осылайша, Мемлекет басшысы Иордания королiне арнайы сыйлық табыстады. Өз кезегiнде, II Абдалла Нұрсұлтан Назарбаевқа алғысын айтты.
«Қазақстанда достарым мен бауырларым арасында болу мені зор қуанышқа бөлейді. Мен сіздерден өзіме деген айрықша құрметті сезініп отырмын және бұл сыйлығыңыз үшін бүкіл иордан халқы атынан алғыс айтамын» - деді Абдалла ІІ.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру