Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Белгілі дінтанушы Нұр-Мүбаракта арнайы дәріс өткізді

Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі www.muftyat.kz 01.11.2017 3552 0 пікір
Белгілі дінтанушы Нұр-Мүбаракта арнайы дәріс өткізді

Дін мәселесі бүгінде қоғамымызда да, әлемде де өзекті тақырыпқа айналғаны рас. Себебі жаһандану үдерісі қарқын ала түскен сайын ашық қоғамдарда қалыптасқан құндылықтардың құлдырауына жол ашуда. Бұл әсіресе адамдардың ең нәзік әлемі – руханиятын, діні мен сенім-нанымын төңіректеуде. Сондықтан діни саланы сауатты меңгеру заман талабына айналып отыр. Осы орайда  ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты Дінтану бөлімінің меңгерушісі, филос.ғ.д., доцент Бақытжан Сатершинов пен Нұр-Мүбарак университетіндегі белгілі ғалымдар Қайрат Затов пен Алау Әділбаевтар да дінтанушы, исламтанушы магистрант, докторанттарға арнайы дәріс өтті.

«Діннің қоғамдағы моральдық-адамгершілік құндылықтарды жандандыруға және рухани азғындықтың алдын алуға қосатын үлесі»  атты дәріс алдында белгілі теолог ғалым Алау Әділбаев тақырып өзектілігіне тоқтала келе республикалық «Дінтанушылар конгресі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бақытжан Меңлібекұлына сөз берді.

Бүгінгі дін саласындағы түрлі ахуал мен ел арасындағы сауаттылық деңгейіне қатысты айта келе Бақытжан Сатершинов мырза зайырлылықтың қазақстандық ұстанымдарына да кеңірек тоқталды. Себебі қазір ел арасында зайырлылықты теріс мағынада түсінуші топтар да кездесуде. Ал оларға ғылыми негізде түсіндіру – бүгінгі дін саласы мамандарының міндеті болғандықтан бұл қоғамдағы діни тұрақтылықтың да басты талаптары болмақ. Осы орайда тыңдармандар тарапынан да түрлі сауалдар қойылды, дін туралы заңға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар да назардан тыс қалмады.
Өзекті сауалдарға университеттің «Дінтану» кафедрасының оқытушысы, филос.ғ.д., профессор Қайрат Затов мызра да жауап берді.

Күнделікті дәрістерден өзге қоғамдық маңызы бар сауалдар төңірегіндегі дәріс докторант-магистранттармен қатар оқытушыларға да едәуір пайдалы ақпараттарға толы болды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру