Қоғам қайраткері Амангелді Айталы Алаш қозғалысының 100 жылдығына арналған конференцияда осылай деді, деп хабарлайды aktobenews.kz өңірдегі NUR.KZ тілшісіне сілтеме жасап.
«Ұлтты ұстайтын - дін. Қазір баспасөз бетінде осы дінді не істерімізді білмей жүрміз. Ши шықпасын, экстремистер болмасын дегеннің төңірегінде. Негізінде, Әлихан Бөкейхан алғашқы білімді ауыл имамдарынан алды. Тек Әлихан емес, алаштың көптеген қайраткерлері имамдардан сауат ашқан. Қазіргі біздің саясат қалай болғанда да балаларды мешітке жолатпау болып тұр. Бұл дұрыс емес. Буыны қатып кеткесін ол балалар дінге сатқындық жасайды, дінге сатқындық жасаған кезде ұлтқа сатқындық жасайды. Көп жағдай мешіттегі имамдардың уағыздарына, ата-аналарға байланысты болып тұр. Біздегі медресенің басшысымен сөйлестім. Онда 9-11 бітірген балаларды алады екен. Оның айтуынша, 11 бітірген балалардан гөрі 9 сынып бітірген балалар имамдылыққа икемді», - дейді Амангелді Айталы.
Қоғам қайраткері сөзін былай деп жалғастырды: «Әлихан Бөкейханов имандылық пен парасаттылықтың дінмен бірге келетінін айтты. Дін ұлттың өзінің ұлттық қасиеттерін сақтауға бірден бір себеп. Діннен айырылу ұлттық қасиеттен айырылумен бірдей. Бұл салада бізді ойландыратын нәрселер әлі көп. Қанша дінді сыйласасақ та, бұға беру қазаққа жараспайды, бүгін де жараспайды. Тарих қазақтың өзінің қолында. Бүгінгі тарихи ертеңге ұрпаққа үйретуші, жол көрсетуші, бүгінгі ұрпаққа кешегі бабалардың игі ісі үлгі».
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Фото: qazaquni.kz
31.10.2017
5273
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру