Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ризабек Батталұлы Құланда уағыз жүргізді

Әбілда МЕЙІРХАНОВ 30.10.2017 3843 0 пікір
Ризабек Батталұлы Құланда уағыз жүргізді

Белгілі исламтанушы, теолог, РАНТ мүшесі «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің аға оқытушысы Ризабек Батталұлы аудан имамы Джадраев Сұлтаншәріп қажының арнайы шақырумен Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданына  ат басын бұрып, өңірдегі екі мешіттің жамағатымен кездесті.

Сенбі күні бесін намазынан кейін аудандық «Сұлтан» мешітінің жамағатына «Алладан үміт үзбеу» атты тақырыпта уағыз жүргізсе, ақшам намазынан кейін Луговой кенті «Жүсіп» мешітінде «Ақида мәселесі» тақырында насихат айтып, мұсылман жұртшылығын діни теріс ағымдардан сақтандырды.

Ризабек ұстаз мешіт жамағатының көкейлерінде жүрген сұрақтарына тұщымды жауап берді. Құлан жамағаты ұстазға алғыстарын жеткізіп, көнекөз қарияларымыз ақ батасын берді.

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру