Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Сәтбаевта қыз-келіншектер арасында білім сайысы өтті

30.10.2017 5820 1 пікір
Сәтбаевта қыз-келіншектер арасында білім сайысы өтті

Қарағанды облысы Сәтбаев қаласының «Балмағамбет Балқыбайұлы» атындағы мешітінде қыз-келіншектер арасында "Ғылым - теңіз, білім - қайық" атты интеллектуалдық сайыс өтті.

Жарысқа қатысқан қыз-келіншектер "Муджтаһидуна" және "Иxсан" топтарына бөлініп, сайыс ережелеріне сәйкес жоғары бәсе таныта алды.

Сайыстың бірінші айналымында пайғамбарлар тариxынан, сира және Пайғамбарымыздың xадистерінен сұрақтар қойылса, екінші айналымында әр топ өз еңбектерімен мешіт макетін және мешіттің суретін салудан додаға түсті.

Сайланған әділ қазылар алқасы көптеген талқылаулардан кейін екі айналымның қорытындысы бойынша бірінші орынға "Муджтаxидуна" тобы, екінші орынға "Иxсан" тобын лайық деп тапты. Барлық топ мүшелері мадақтама қағазымен және сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар, келген қонақтар мен топ жанкүйерлеріне  арнайы дайындалған сұрақ-жауап викторинасы ұйымдастырылып, оның қорытындысына сәйкес сыйлықтар үлестерілді.

Іс-шара соңында дастархан жайылып, Сәтбаев қаласындағы қыз-келіншектерге арналған тиімді және бұқаралық жобаларды болашақта жүзеге асыру мәселесі талқылады.

Пікірлер (1)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Сәтбаев дін орталығы | 31.10.2017 03:10

Өте жақсы ісшара!