ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі қайырымдылық бағытындағы шараларды өрістетіп, әлеуметтік мекемелерге көмек көрсету ісін жүзеге асыруда.
Осы бағыт аясында өкілдіктен Шығыс Қазақстан облысы Бородулих ауданы «Жаңа шүлбі» ауылындағы «Жаңа Шүлбі балалар үйіне» қайырымдылық жасалды. Аталған шара елімізде мерекеленген «Рухани келісім күні» аясында өтті.
Шара барысында Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің найб имамы Даулет Қабидолдин алдымен балалар үйімен танысты. Мекеме басшысы қонақтарды ондағы балалардың жағдайымен және оқу-тәрбие жұмысымен таныстырып өтті.
Бұдан соң найб имам облыстық «Халифа Алтай» мешіті тарапынан жасалып отырған қайырымдылық көмегін тарту етіп, бабаларды мейірім шуағына бөледі. Мұнда балалар үйіне азық-түлік пен ойыншықтар, құрал- жабдықтар, киім-кешек табыс етілді.
«Балаларды мейірімге бөлеуді мақсат етіп, осы шараны әдейі ұйымдастырып отырмыз. Біз әлеуметтік мекемелерге соның ішінде облыс аумағындағы балалар үйлеріне үнемі көмек көрсетіп келеміз. Бұл сауапты іс тұрақты түрде жалғасын тауып отыратын болады» деп атап өтті, найб имам Даулет Қабидолдин қайрымдылықты табыстау рәсімінде.
Балалар үйінің басшылығы облыстық мешіт ұжымына алғыс білдірді.
Шараға сонымен қатар басқа да діни бірлестіктер де ат салысты.





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
23.10.2017
3610
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру