Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Оралдық әкімдер Нұр-Мүбаракта білім алушы студенттермен кездесті (ФОТО)

Айша КЕҢЕСБАЙ, Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі www.muftyat.kz 21.10.2017 3586 0 пікір
Оралдық әкімдер Нұр-Мүбаракта білім алушы студенттермен кездесті (ФОТО)

20 қазан күні Нұр-Мүбарак университетіне Батыс Қазақстан облысының екі ауданының әкімі келіп, аймақтағы білім алушы жастармен кездесті. Орал өңірінен бүгінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының БҚО өкілдігі тарапынан 40 студент білім алып жатса, оның 39-ы мемлекеттік білім грантының иегері, ал бір шәкірт ақылы бөлімде. Ақылы бөлімде білім алышу шәкіртке БҚО тарапынан қаржылай қолдау жасалуда.

Студенттердің хал-ахуалын білуге БҚО әкімі Алтай Көлгінов мырзаның тапсырмасына орай, 12 ауданнан Зеленов ауданының әкімі Асхат Шахаров пен Теректі ауданының әкімі Кәрім Жақыпов мырзалар келіп, шәкірттермен жүздесті. Облыстағы ахуалға тоқтала келе, мамандар тапшылығы мен діни сауаттылықтың аймақ тұрғындарының тіршілігіне ықпалы, әкімшілік пен ҚМДБ өкілдігімен бірліктегі атқарылып жатқан шаруалар жайлы жан-жақты пікір алмасты.

Оралдық жастар да белсенділік танытып, болашақта елге барып қызмет ету, қазіргі студенттердің жазғы маусымды тиімді пайдаланып мешіт имамдары мен әкімшілік орындармен бірлесіп еңбек ету жоспарларын да талқылады. Әлеуметтік қолдау, оңтүстік аймақ түлектерін батыс өңіріне тарту, жас талапкерлерге Нұр-Мүбаракта білім алудың артықшылықтары туралы түсіндіру жағдайлары айтылды.

Кездесуден аңғарғанымыз, елді имандылыққа ұйытып, жат діни ағымдарға тосқауыл жасайтын жалынды жастар легі өсіп келеді. Әлбетте, бұл бірлігі бар елдің жемісі екені сөзсіз.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру