Алматы қаласының Дін істері басқармасының ұйымдастыруымен Рухани келісім күніне орай әр түрлі діни конфессия өкілдері дөңгелек үстел үстінде бас қосты.
Алғашқы құттықтау сөзді алған Алматы қаласының өкіл имамы Нұрбек қажы Ауесханұлы: «Алла тағала Құран Кәрімнің бірнеше жерінде бөлінбеу керек екендігін үкім еткен. Алла елшісі (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) де: «...Көпшілікпен бірге болыңдар. Бөлінуден сақтаныңдар» деп бұйырған. Ал қазақ даналығында «Бөлінгенді бөрі жейді» дейді. Сондықтан да, бірлік - үлкен нығмет, ал. оны сақтау - баршамыз міндет. Осынау тәуелсіз елімізде бірлігіміз баянды болсын»,-деп, қатысушыларды Рухани келісім күнімен құттықтады.
Аталмыш шарада Алматы қаласының өкіл имамымен қатар халық арасында діни толеранттылықты насихаттауға ат салысып жүрген бірқатар азаматтар Алматы қаласының әкімінің орынбасары Арман Қырықбаевтың Алғыс хатымен марапатталды.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
21.10.2017
3261
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру