Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өкіл имам «Жаназа және жерлеу рәсімдері» кітабын таныстырды

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі   www.muftyat.kz 20.10.2017 4153 0 пікір
Өкіл имам «Жаназа және жерлеу рәсімдері» кітабын таныстырды

Өкіл имам Төлеби Оспан Ақтөбенің бірқатар аудандарында «Жаназа және жерлеу рәсімдері» кітабын таныстырды.

Ақтөбеде «Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасының аясында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүруде. Жобаның «Ауқымды түсіндіру жұмыстары және рухани сұрақтар» бағытындағы мобильдік топ бүгінгі күнге дейін Хромтау, Мұғалжар және Темір аудандарында жұмыс жасады. 19-21 қазан аралығында түсіндіру жұмыстары Мартөк ауданында жалғасын табады.

Өкіл имам осы аталған төрт ауданның да тұрғындарымен кездесіп, оларға «Жаназа және жерлеу рәсімдері» кітабын таныстырды. Кітап мазмұнына кеңінен тоқталып, мұндағы басты мақсат – діни рәсімдердің шариғат шарттарына сай бірізді атқарылуын қатамасыз ету және ысырапқа жол бермеу екендігін айтты. Сондай-ақ, облысқа ортақ садақа мәзірі мен Үндеу мәтіндері таратылды.

Естеріңізге сала кетейік, сәуір айында Ақтөбе қаласында «Салт-дәстүр және діни рәсімдер» атты ғылыми-танымдық конференция өткен болатын. Конференция қатысушылары облысқа ортақ садақа мәзірі мен діни рәсімдердің шариғат талаптарына сай бірізді атқарылуы туралы Үндеу қабылдаған болатын.

Кітап таныстырылымы өзге аудандарда да жалғасын табатын болады.

DSC 0096

WhatsApp Image 2017 10 09 at 13.10.56

DSC 0087

WhatsApp Image 2017 10 12 at 15.48.06

WhatsApp Image 2017 10 12 at 15.48.063

WhatsApp Image 2017 10 12 at 15.48.064

WhatsApp Image 2017 10 12 at 15.48.067

WhatsApp Image 2017 10 12 at 15.48.068

WhatsApp Image 2017 10 16 at 17.51.182

WhatsApp Image 2017 10 16 at 17.51.183

март 1

март 4

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру