Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

МАҢҒЫСТАУ: Өкіл имам колледж студенттерімен кездесті

МАҢҒЫСТАУ: Өкіл имам колледж студенттерімен кездесті

Маңғыстау облысының өкіл имамы Смайыл қажы Сейтбеков арнайы Бейнеу ауданына іс-сапармен  барып кездесулерге қатысты. Жиынның бірі аудандық «Ұстаздар үйінде» екі бірдей оқу орны Политехникалық колледжі мен Гуманитарлық экономикалық колледжі студенттерімен болды.

Кездесу барысында жастарға дәстүрлі дінімізге жат теріс ағымдардан аулақ болып, дәстүрлі дұрыс бағытта ұстану үшін ұлттық құндылықтарымызға терең бойлау керектігі тілге тиек етілді.

Сондай-ақ, Бас имам «Отанды сүю иманнан» екендігін жас буын әрдайым жадыларында ұстап, ел игілігі мен мемлекетіміздің мәртебесі үшін аянбай еңбек ету қажет екендігі туралы әңгіме етті.

Кездесу соңында жастар өздерін толғандырып жүрген сауалдарын қойып, қанағаттарлық жауаптарын алды. Бұл бағыттағы шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру