Жыл басында Алматы қалалық Дін істері басқармасына Гүлнәр Кененбаева есімді азаматша www.shyn.kz сайтының редакторы Ардабек Солдатбайдың атына шағым түсірген.
Шағымданушының айтуынша, сайт редакторы діни мазмұндағы мақалаларды заңсыз таратып, салафизм идеологиясын насихаттайды. Басқармаға сайт редакторы шақырылып, әңгімелесу барысында әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырылды. Алайда, А.Солдатбай хаттама қол қоюдан бас тартты. Бұдан кейін оның жариялаған мақалалары ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитетіне діни сараптамадан өткізуге жіберілді.
Сараптама нәтижесінде материалдарда діни көзқарастағы насихат анықталған. Бұл материалдар сотқа жөнелтілді. Наурыз айының соңында Ардабек Солдатбайдың қорғаушысының қатысуымен өткен Алматы әкімшілік ауданаралық сотының шешімімен ол әкімшілік құқықбұзушылықты жасады деп айыпталды. Жаза ретінде Ардабек Солдатбайға 50 МРП көрсеткішінде айыппұл тағайындалды және діни мазмұндағы материалдары жарық көрген интернет-ресурсы үш ай мерзімге тоқтатылды.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
kazislam.kz
17.10.2017
3800
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру