Қайырымдылық бағытындағы жұмыстарды тың бастама арқылы ұйымдастыру, әлеуметтік мекемелерге қайырымдылық жасау туралы ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігінің өңір имамдарына берген тапсырмасы аясында Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы «Ұранхай қажы» мешіті Ақсуат ауылындағы «Оңалту орталығы» мекемесіне қайырымдылық жасады.
Шара барысында ондағы емделуші балаларға азық-түлік пен киім-кешек және күнделікті тұтыну заттары табысталды.
«Біз осы мекемеге үнемі қайырымдылық шарасын ұйымдастырып келеміз. Бұл аса сауапты іс. Бұл бағыттағы шаралар алда жалғасын таба беретін болады» деп атап өтті, іс-шарада Тарбағатай ауданы «Ұранхай қажы» мешітінің қызметкерлері.
Қайырымдылық көмегін қабылдау сәтінде осы мекеменің басшылығы аудандық мешіт тарапынан үнемі ізгілік шарасын жасайтындығын айтып, алғыс білдірді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
17.10.2017
3568
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру