Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Танымал теолог Ақтөбе мешіттерінде уағыз жүргізуде

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз хатшысы 16.10.2017 3774 0 пікір
Танымал теолог Ақтөбе мешіттерінде уағыз жүргізуде

«Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы аясында облысымызда республикаға танымал теолог Жұмабеков Қабылбек түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Өткен аптада теолог Ақтөбе қаласының екі бірдей мешітінде болып, жамағатқа уағыз-насихат айтты.

Сенбі күні ақшам намазынан кейін теолог қалалық орталық мешіт жамағатымен кездесті. Онда қуатты мұсылман мен әлсіз мұсылман туралы сөз қозғап, алғашқысының дәреже тұрғысынан абзал екендігін айтты. Мұсылманның қуаттылығы білім алуда табандылық танытып, бойындағы күш-жігері мен қайратын әлсізге әлімжеттік жасап емес, игі мақсатта жұмсауы арқылы көрінетіндігін тілге тиек етті.

Жексенбі күнгі бесін намазынан кейінгі кездесу облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде өтті. Теологтың кезекті уағызы «Мұсылманның сабыры мен шүкірі» тақырыбында өрбіді. Шынайы мұсылман қиындықтың алғашқы тиген соққысында да сабыр етіп, кез-келген жағдайда шүкір етуі керектігі айтылды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру