Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жастар бөліміне жауапты мамандар бас қосты

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз хатшысы 16.10.2017 3409 0 пікір
Жастар бөліміне жауапты мамандар бас қосты

Бүгін ҚМДБ-ның жастар ісі бөлімінің облыстағы өкілдігі жылдың соңғы тоқсанының жұмыстарын пысықтау мақсатында кездесу өткізді. Оған қала, аудан мешіттеріндегі аталмыш бөлімге жауапты мамандар қатысты.

Кездесу барысында өткен 3-тоқсанда атқарылған іс-шаралар таразыланып, жаңа тоқсанның жоспары құрылды. Жастар ісі бөлімнің облыстағы өкілі Асылхан Темірханов соңғы тоқсанда қамтылатын іс-шаралар барысында Елбасының «Рухани жаңғыру – болашаққа бастар жол» атты мақаласын насихаттау, «Дін және жастар» атты конференция мен жастар арасында футболдан турнир ұйымдастыруға тапсырма беріп, т.б. мәселелер талқыланды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру