Жаңаөзен қаласында облыстың өкіл имамы Смайыл қажы Сейтбеков бастаған мешіт қызметкерлері мен жергілікті ақсақалдар және тұрғындар бас қосты.
Басқосуда «Жаназа және жерлеу рәсімдері» кітабы кеңінен таныстырылып, Бас имам әр бөліміне жеке тоқталып түсіндіріп өтті. Кітапты шығарудағы негізгі мақсат - еліміз бойынша діни рәсімдерді бір ізге келтіру, ысырапқа жол бермеу, шариғатқа қайшы әдеттерге жол бермеу екендігі айтылды.
Өкіл имам өз сөзінде «Халқымыздаң дәстүрлі құндылықтары мен жаназа мәселелерін жүйелеу және аталмыш игі дәстүрді ел игілігіне айналдыруға қатысты кең ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қоғам үшін маңызы зор «Руани жаңғыру» игі шарасы аясында атқарылып жатқан жұмыстардың бірі діни еңбектердің жарық көруі. Бұл жалпы қоғам мен дін қызметкерлеріне арналған құнды дүние. Кітаптың негізгі мақсаты жалпы жұртқа шариғат пен дәстүрімізді ұштастырып жеткізу», – деді.
Шара соңында келушілердің баршасына кітаптар үлестірілді. Қатысушылар дән риза болып аталмыш еңбектің қолдарына тигеніне дін риза болып, өз алғыстарын айтты.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі
16.10.2017
5186
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру