Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА СЫЙ-ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА СЫЙ-ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

10 қазан – Мүгедектер күні. Осыған орай «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінің «Сен де үлес қос!» акциясының қызметкерлері қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.

Мүмкіндігі шектеулі жандардың басын қосып, мешіттің найб имамы Асылхан Темірханов, акция қызметкерлері Мәжит Әбішев, Кенжегүл Қошқарова олармен жылы сұхбат құрды. Құран оқылып, әр отбасының амандығы мен тыныштығы үшін дұға етілді.

Акция атынан шақырылған меймандарға кәдесыйлар таратылып, қосымша азық-түлікпен көмек берілді. Әр әлеуметтік пакетте 10 кг азық-түлік, соның ішінде 2 кг ет, 2 кг картоп, 2 кг макарон, 1 кг пияз, 1 кг макарон, 1 кг күріш және 1 л күнбағыс майы салынды. Барлығы 35 мүмкіндігі шектеулі жанның жанұясына 350 кг азық-түлік үлестірілді. Бұдан бөлек, киім-кешектермен де көмек берілді.

Шараға атсалысқан барша азаматтарға, сауат ашу курсының шәкірттеріне де Алла разы болғай! Әсіресе, тегін көкөністермен көмек берген №41 разъезд маңындағы саудагер аға-әпкелерімізге ерекше алғыс білдіреміз.

Дәл осы датаны Темір аудандық Шұбарши мешітінің жамағаты да елеусіз қалдырмады. Мешіттің наиб имамы Нұрлан Адаев бастаған жамағат Кенкияқ ауылындағы 24 мүмкіндігі шектеулі балаларға арнап сыйлықтар, тəтті тағамдардан базарлық апарып, мерекелік бағдарлама да ұйымдастырды. Балғын көрермендердің назарына қызықты қойылымдар ұсынылып, балақайлар мәз-мейрам болды. Оларды шат күлкіге бөлеген шара ұйымдастырушыларына ата-аналары да дəн риза болып, алғыс айтты.

 

WhatsApp Image 2017 10 13 at 09.23.05

 

WhatsApp Image 2017 10 13 at 09.23.06

 

WhatsApp Image 2017 10 13 at 09.23.101

 

WhatsApp Image 2017 10 13 at 09.23.10

 

WhatsApp Image 2017 10 13 at 09.23.11

 

WhatsApp Image 2017 10 13 at 09.20.39

 

WhatsApp Image 2017 10 13 at 09.20.391

 

WhatsApp Image 2017 10 13 at 09.20.392

 

WhatsApp Image 2017 10 13 at 09.20.393

 

WhatsApp Image 2017 10 13 at 09.27.43

 

WhatsApp Image 2017 10 13 at 09.27.44

 

WhatsApp Image 2017 10 13 at 09.27.431

 

WhatsApp Image 2017 10 13 at 09.27.441

 

WhatsApp Image 2017 10 13 at 09.27.442

 

WhatsApp Image 2017 10 13 at 09.27.51

 

 

WhatsApp Image 2017 10 11 at 17.55.36

 

WhatsApp Image 2017 10 11 at 17.55.28

 

WhatsApp Image 2017 10 11 at 17.55.30

 

WhatsApp Image 2017 10 11 at 17.55.32

 

WhatsApp Image 2017 10 11 at 17.55.33

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру