Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өкіл имам қарттар үйіне қайырымдылық дастарханын жайды

Өкіл имам қарттар үйіне қайырымдылық дастарханын жайды

Кеше Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкіл имамы Батыржан Мансұров Қарттар үйіне қайырымдылық дастарханын жайды. Мақсат - қамкөңіл қариялардың қасынан табылып, ақ дастархан үстінде ақ баталарын алу.

Қамкөңіл жандар үшін жайылған ақ дастарханда, қартын қазынасына балаған қазақы дәстүр туралы сөз болды. «Біз әлімсақтан кісілік кейпін сақтауға, ана сүтін ақтауға талпынған, дін мен дәстүрді үйлестіріп, үйлесімді, өнегелі өмір сүрген мұсылман халықпыз.

Исламның қазақ топырағына келуімен көптеген жақсылықтарға қол жеткіздік. Салт-дәстүріміз, бітім-болмысымыз Исламмен біте қайнасып, өркениетке қадам басқан қазақпыз» деген орталық «Иманғали» мешітінің бас имамы Батыржан Мансұров үлкенді сыйлау, мейірімділік, қамқорлық туралы ойларымен бөлісті.

Мешіттен арнайы келіп, кішіліктерін көрсетіп жатқан дін қызметкерлеріне және өңірдің өкіл имамына ризашылықтарын жеткізген қариялар елдің амандығы мен халықтың бірлігіне ақ батасын берді. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру