ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Руслан Тыныштықұлы Султановтың ұйымдастыруымен және ҚМДБ-ның Шариғат және пәтуа бөлімі басшысының орынбасары Сансызбай Шоқановтың қатысуымен Орал облыстық орталық мешітінде Орал қаласындағы үш мешіттің имамдарына арналған имамдардың білімін жетілдіру семинары болып өтті.
Семинар барысында қала мешіттерінде кездесіп жүрген келеңсіз мәселелер талқыланып, сұрақ-жауап түрінде өтті. Семинар соңында «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы және найб мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының БҚО өкілдігіне берілген «Әзірет Сұлтан» мешіті – Ұлы Дала темірқазығы» атты кітабы Сансызбай ұстаздың қолынан қала имамдарына сыйға берілді.
Сонай-ақ, 2017 жылдың қазан айының 9-і күні де Облыс имамдарына арналған имамдардың білімін жетілдіру семинары болып өтті. Семинар барысында аудан, ауылдарда кездескен діни мәселелер қаралғанын айта кетейік.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
12.10.2017
3350
0 пікір











+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру