Бүгін Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы Атырау облысы өкілдігінің ұйымдастыруымен мешіт жамағаттары арасында аяқ доптан жарыс өтті. Спорттық ойынға Атырау қаласына қарасты барлық бес мешіт толықтай қатысты.
Жамағат арасында салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту мақсатында ұйымдастырылған жарыс Балықшы ықшамауданындағы денешынықтыру-сауықтыру кешенінде жоғары деңгейде өтті. Кіші аяқ доп сайысында Атырау селолық округі мешіті атынан ұйымдасқан команда топ жарды.
Екінші орын «Иманғали» орталық мешітіне бұйырды. «Әт-Тақуа» мешіті үшінші орынға табан тіреді. Жеңімпаздар кубоктармен, естелік сыйлықтармен марапатталды. «Жұлдыз» елдімекеніндегі Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешіт пен «Мәулімберген» мешіті атынан құралған командаларға да алғыс айтылды.
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)

.jpg)
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
«Иманғали» орталық мешітінің баспасөз қызметі.
11.10.2017
3645
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру