Шынында да, еліміздің жүрегі — Астана қаласы күн санап құлпырып, жасарып, жаңарып келеді. Бой түзеген сәулетті биік үйлер мен еңселі ғимараттар көздің жауын алады. Бұл өркендеу процесі елордамен іргелес Ақмола облысының елді мекендеріне де ықпалын тигізбей қалмады. Соның бірі — Целиноград ауданына қарасты Қараөткел ауылы. 2006 жылғы санақ деректеріне қарағанда 5 мың тұрғыны бар ауылда бұл күнде 20 мыңға тарта адам өмір сүреді.
Жақында ауыл тұрғындарын қуанышқа кенелткен айтулы оқиға — жаңа мешіт ашылды. Бұған қуанбаған адам жоқ. Елді имандылыққа ұйытатын Алланың үйінінің осылай алыстан мен мұндалап тұрғаны қандай жақсы. Бір айта кетерлігі, бұл мешітті Түркия елінде тұратын қандасымыз Ибраһим Мұтұлы өз қаражатына салғызған екен. Өзінің айтуынша, тәуелсіздік алғалы шеттегі ағайындар бар жақсылығын туған жұртына тасыды ғой. Осыны пайдаланып Ибраһим Мұтұлы рухани қазына мешіт салуға ниеттенген екен.
Қасиетті жұма күні бүл әсем де, еңселі мешіт салтанатты жағдайда ашылды. Аудан әкімі Мәлғаждар Тәткеев, ҚМДБ-ның дін істері бөлімінің басшысы Камалжан Бекбосынұлы, мешіт салушы Ибраһим Мұтұлы және ел ақсақалдары атынан Амангелді Құсайынов сөз сөйледі. Өз сөзінде қандас бауырымыз мешіт жанына медресе салсам деген мақсаты бар екенін де жеткізді.
Одан жамағатқа ҚМДБ-ның өкілі Камалжан Бекбосынұлы уағыз айтса, облыстың бас имамы Қуаныш Сәбит жұма намазын өткізді. Ас та беріліп, жиналған қауымға дастархан жайылды. Целиноград ауданының бас имамы Әбілхан Балтаұлы мұндай мешіттердің аудан аумағында көптеп салынып жатқанын тілге тиек етті. Алда мұндай қуаныштар жалғасады деп сенеміз. Лайым солай болғай!










ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
09.10.2017
4881
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру