Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ТЕОЛОГТАР ХРОМТАУЛЫҚТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

ТЕОЛОГТАР ХРОМТАУЛЫҚТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Өткен аптада Хромтау аудандық «Нұр» мешітінде теологтар тарапынан ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

29 қыркүйек күні «Ақтөбе медресесі» колледжінің директоры Әбдімүтәлі Дәуренбеков мешіт жамағатымен жүздесіп, сұхбат құрды. Жамағатқа «Мұсылманның көркем мінезі» тақырыбында уағыз айтып, мұсылманның амалда тақуалық танытуы да мінезінің көркемдігіне тікелей байланысты екендігін тілге тиек етті. Мұсылманның діндес бауырымен ғана емес, өзге дін өкілдерімен де жақсы мәміле жасау керектігін ескертіп, нағыз мұсылманның тілімен де, қолымен де ешкімге залал келтірмейтіндігін айтты.

Сенбі күнге жоспарланған айлық отырысқа ЖАНТ мүшесі, Байғанин ауданының бас имамы Ғабит Маткаримов қатысты. Үрдіс бойынша мешітте дастархан жайылып, жамағат дәм басында жиналып, уағыз-насихат тыңдады. Теолог Ғабит Маткаримов «Нұх» сүресінің тәпсірін түсіндіріп, әр аяттың түсу себебіне тоқталып өтті. Сонымен қатар, Құран аяттарын тікелей түсініп, үкім шығаруға құмар жат ағым өкілдерінің бұл әрекеті бұрыс екендігін, ол үшін ең әуелі білім керектігін түсіндірді.

Сонымен қатар, жуырда аудандық ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде «Шапағат» ақпараттық-кеңес беру орталығы» ҚБ-нің шақыртуымен ауданға РАНТ мүшесі, «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің магистранты Қайрат Дәрменов келген болатын. Іссапар барысында теолог маман аудан аумағында бірқатар түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Қала мектептері және Дөң тау-кен байыту комбинатында жалпы кездесулер, семинар-тренингтер ұйымдастырылды. Кездесу барысында теолог ғаламтор арқылы діни сауат ашудың қауіптілігін, жат ағымның зардаптарын түсіндірді. Әсіресе, жоғары сынып оқушыларының ата-аналарына ғаламторға еркін қолжетімділік бар тұста баланы бақылауда ұстау керектігін ескертті.

Аудандық «Нұр» мешітінде өткен басқосуларда теолог Қайрат Қуанышбекұлы тақуалық төңірегінде әңгіме өрбітіп, амалдағы ықылас-ниеттің маңыздылығын түсіндірді. Жамағатпен жақынырақ танысып, сауалдарына жауап берді.

WhatsApp Image 2017 10 03 at 15.14.52

 

WhatsApp Image 2017 10 03 at 15.14.54

 

WhatsApp Image 2017 10 03 at 15.14.521

 

WhatsApp Image 2017 10 03 at 15.14.42

 

WhatsApp Image 2017 10 03 at 15.14.43

 

WhatsApp Image 2017 10 03 at 15.14.44

 

WhatsApp Image 2017 10 03 at 15.14.45

 

 

 WhatsApp Image 2017 10 02 at 15.47.06

 

21617829 303161740092553 4124214539981131692 n

 

21765045 303161940092533 7272172581895753893 n

 

WhatsApp Image 2017 10 02 at 15.46.36

 

WhatsApp Image 2017 10 02 at 15.47.34

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру