Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ МЕШІТТЕРІНДЕГІ ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУЛАР

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ МЕШІТТЕРІНДЕГІ ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУЛАР

Қасиетті жұма күні Ақмола облысының имамы Қуаныш Сәбит Бас мүфтидің бұйрығына сәйкес жаңа тағайындаулармен таныстырды. "Науан хазірет" орталық мешітінде көп жылдан бері ұстаз болып қызмет еткен Болатхан Қуанған Целиноград ауданына қарасты Қараөткел ауылдық мешітіне бас имам болып тағайындалды.

Бұл елорда іргесіндегі ең ірі елді мекендердің бірі саналады. Мұнда қазір жиырма мыңға жуық адам тұрады. Қытай елінен келіп, азаматтық алған Болатхан Қуанған елді имандылыққа шақыруда өзінің сүбелі үлес қосқанын атап өтуге болады.

Алмат Жүнісов те діни оқу бітіріп келгесін "Науан хазірет" мешітінде найб имам қызметін атқарды. Бас мүфтидің бұйрығы бойынша ол Көкшетау  қаласындағы «Ықылас» мешітіне бас имамдыққа бекітілді.

Сонымен бірге, Бас мүфтидің бұйрығымен Красный яр кентіндегі Ш.Әбілкәрімұлы атындағы мешіттің бас имамы Науан Мүтәлұлы имамдық қызметпен бірге, ҚМДБ-ның халал стандарт бөлімінің Ақмола облысы бойынша жауапты өкілі міндетін қоса атқаратын болды.

"Науан хазірет" мешіті жаңа жас маманмен толықты. Бас мүфтидің бұйрығымен өткен жылы Түркияның «Хасеки» академиясын бітірген Мейіржан Рахматуллаұлы найб имам болып жаңа қызметке тағайындалды.

Көкшетаудың орталық мешітінде азаншы болып қызмет атқарған Алтынбек Аманжолов арнайы іріктеу комиссиясы шешімімен Түркияның «Хасеки» діни академиясына білім алуға жолдама алды. Жұма намазына жиналған жамағат оған ақжолтай тілеп, шығарып салды.

Өкіл имам аталған діни қызметкерлерге өз атынан және жамағат атынан зор ризашылығын білдіріп, арнайы алғыс хаттарды табыс етті. Сондай-ақ, иықтарына шапан жапты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру