Шығыс қазақстан имамдары шілде айынан бастап 3 айлық білім жетілдіру курсына қамтылған болатын. Осы оқу курсы өз мәресіне жақындап, имамдар алған білімдерінен сынақ тапсырды. Білім сынағы облыстық «Халифа Алтай» мешітінің кітапханасында өтті.
«Сынақтың сұрақтары электронды түрде жаңаша форматты дайындалып, ғаламтор арқылы тапсырды. Бұның өзі имамдарды оқытудың жаңа форматы болып табылады. Білім жетілдіру курсына елімізге танымал діни ғалымдар келіп дәріс берді. Қазіргі жағдайда шәкірттер сынақты жақсы көрсеткішпен тапсыруда» деп атап өтті, ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек қажы Тасболатұлы.
Сынақ тапсыру шарасына 70-жуық білім жетілдіруші имам қатысты. Ақида, Фиқһ негіздерімен Құран, Тәжуйд қатарлы ислами ілімдермен қатар зайрылы пәндер мен Қазақстан тарихынан өткен дәрістер бойынша сұрақтар облыстық мешітпен облыстық «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» базасынада жасалды.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Альай» мешітінің баспасөз қызыметі
02.10.2017
3708
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру