Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жетісу жерінде «Ұлы дала жастары» атты шағын футболдан жарыс өтті

Жетісу жерінде «Ұлы дала жастары» атты шағын футболдан жарыс өтті

Алматы облысы, Талдықорған өңірі бойынша аудан-қала ауылдардан іріктелінген 4 командаға шағын футболдан жарыс ұйымдастырылды. 

Жетісу жеріне арнайы іс-сапармен келген қонақтар ҚМДБ-ның дін істері меңгерушісі Бекбосынұлы Камалжан, кадр меңгерушісі, заңгер Орынбасарұлы Байұзақ жарысқа қатысушы жастарға сәттілік тілеп, ақ батасын берді.

Сайыс қызықты, әрі тартысты өтті. Арнайы командалардан құрылған дода өз мәресіне жетіп, бас жүлде алған командаға ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкіл имамы Ардақ Нүсіпханұлы 150 000 теңгелік жолдаманы  табыс етті.

Ендігі кезекте, Қазан айында өтетін Республикалық шағын футболда, Алматы облысының командасы топ жаруына тілек білдіреміз.

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру