Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қазақта Қазыбектей би болған!

Айша КЕҢЕСБАЙ, Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі www.muftyat.kz 29.09.2017 3528 0 пікір
Қазақта Қазыбектей би болған!

"Нұр-Мүбарак" университетінің алғашқы курс студенттері оқу жылын ата-бабаларымыздың даналығымен, тарихтағы салған сара жолын танысумен бастады. Кітапхана меңгерушісі Қалбибі Бейісбек ханымның ұйымдастыруымен қаз дауысты Қазыбек бабамыздың 350 жылдығына орай "Бірлігі кеткен ел жаман, егесіп өткен ел жаман" деген ұранмен әдеби шара өтті. Студенттер XVII-XVIII ғасырларда өмір сүрген ұлы үш бидің бірі, даналығы мен өмірі қоғам және мемлекет қайраткері деңгейіне жеткізген Орта жүздің өкілі Қазыбек бидің өмірімен тереңірек танысып, сол кезеңдегі қазақ даласындағы жағдайды көз алдарына елестетуге мүмкіндік алғандай. Себебі студенттер Қазбек бидің өмірдеректерінен тың мәліметтер алып, қалмақтың қоңтайшы ханымен кездесулері, даналық сөздерімен тереңірек танысты. 

- Мұндай шара студенттердің халқымыздың тарихына деген құрметін арттырып, салт-сана туралы түсінігін тереңдете түседі. Балалар бар ынта-ықыласымен осы әдеби шараға ат салысып, өздері ұлттық киімдерін іздеп, сөздерін жаттап, кейіпкерлердің образын түйсіну арқылы халқымыздың даналығын тағы да бойларынан сіңіре түсуде. Сондықтан мұндай әдеби шаралар жас ұрпақ, болашақ маманды тәрбиелеуде маңызы ерекше болғандықтан біз үнемі жоспарлы түрде ұйымдастырып тұрамыз,-деді Қалбибі Бейісбек ханым.

Жүргізушілер де ерекше ыждаһаттылықпен, көркем мәнерімен әдеби шараның шырайын келтірді. Студент Темірлан Темірхановтың төгілткен күмбір күйі, студенттердің өз шығармашылығынан оқыған өлеңдері мен ел туралы әндері әдеби шара көрігін аша түсті. Сондықтан әдеби жиын соңында Қалбибі Бейісбек ханым қатысушыларға ерекше алғысын білдіріп, бабаларымыздың даналығын, аталарымыздың тектілігін қалыптастырған тақуалығын, ұлтымыздың тарихын ұлықтайтын білікті де білімді азаматтар боулына тілектестік білдірді.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру