Ү.ж. 24 қыркүйек жексенбі күні ҚМДБ-ның Павлодар облысы өкілдігі кіші футболдан жастар арасында облыстық турнир ұйымдастырды. Турнирге облысымыздың барлық аудан және қала мешіттері жамағатынан құралған жалпы 16 команда қатысты. Әр командада 5 ойыншы футбол ойнады, ал доданы білікті төрешілер әділ басқарды. Жарыс Павлодар қаласындағы «Жұлдыз» стадионында өтті. Күннің салқын болуына қарамай, ойыншылар белсенділік танытып, жақсы ойын көрсетті. Футбол тартысты өтті.
4 команда жартылай финалға шықты. Олар: Ақсу, Ақтоғай, Баянауыл аудандары және Павлодар қаласынан «Мәшһүр Жүсіп» мешіті командалары. Ал финалға соңғы екеуі шығып, Баянауыл ауданының «Майқайын» мешіті жамағаты бірінші орынды иеленді, «Мәшһүр Жүсіп» мешіті екінші орынмен шектелді, ал қалған екеуі үшінші орынмен қанағаттанды. Жеңімпаздар алғыс хат және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Турнирге қатысқан 10 үздік ойыншылардан арнайы құрама жасақталады. Олар қазан айында Астана қаласында ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті, ҚР ДІАҚМ Дін істері комитеті, «Жас Отан» Жастар қанатының қолдауымен жоғарғы деңгейде жастар арасында өткізілетін «Ұлы Дала Жастары» атты Республикалық кіші футбол турниріне қатысады.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі
28.09.2017
4319
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру