Бүгін Алматы қаласы «әйелдер-қыздар» секторының ұйымдастыруымен «Таугүл-3» мешітінде арнайы əйел жамағатына қажетті мәселелерді түсіндеретін маңызды семинар өтті.
Семинар барысында сөз алған «Нұр-Мүбәрак» Ислам университетінің ұстазы Сейдманов Оралхан Рахматбекұлы, заңгер Айнақұлов Санат Жұмабайұлы, медератор Ағыбаев Берік Қалижанұлы және Алматы қаласы «әйелдер-қыздар» секторының басшысы Ахметова Маржан қазіргі кезең мен Ислам дінінің негізгі қағидаттары жайлы кеңінен әңгімеледі.
Жиналған жамағатқа «Жат ағымдардан сақтану», «Мұсылман мінезі», «Қоғамдық орындардағы әдеп» секілді мәселелерді нақты мысалдармен түсіндірген мамандар білім жетілдіру, жан-жақты болу ісінің өзектілігін тілге тиек етті. Келелі кездесудің соңы сұрақ-жауап түрінде өрбіді.
Шара барысында мемлекетіміздегі зайырлық қағидаттары мен шариғат талаптарын үйлестіру, көркем мінез-құлық пен жұмсақ мәміле жайлы байыпты ойлар ортаға салынды. Пікір айтушы әпке-қарындастарымыз қыз бала тәрбиесінің өзектілігін, ұрпақ тәрбиесі үшін, яғни ел болашағы үшін әрқашан аналардың орыны ерекше екенін, сол себепті осындай білім шыңдайтын шаралардың жиі өтіп тұруы қажеттілік екенін айта келе, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді
Иә, ананың бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербететінін ескерсек, әпке-қарындастарымыздың білімділігі, инабаттылығы – болашақтың бір кепілі екенінде дау жоқ!

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Алматы қаласы «Таугүл-3» мешітінің Баспасөз қызметі
26.09.2017
4075
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру