Тараз шаһарында бұқаралық спортты дамыту, жамағаттардың спортқа қызығушылығын арттыру бағытындағы ҚМДБ жарияланған «Ұлы дала жастары» футбол сайысына іріктеу турнирі өтті.
Дүбірлі додаға қала және аудан мешіттерінен құралған 8 құрама қатысты. Білектілік пен шапшаңдық танытқан топтар көп ішінен суырылып шығып, тамаша ойын өрнегін көрсетті.
Қарсыластарына шаң жуытпай алдыңғы қатардан көрінген «Һибатулла Тарази» мешітінің жамағаты 1 орынды қанжығасына байласа, Байзақ ауданының жамағаты мен Медресе ұстаздары құрамасы келесі 2-3 орындарды иеленді.
Сайыс ережесі бойынша іріктеу турнирінен өткен топ республикалық жарысқа жолдама алады.
Жерлестерімізге алдағы сындардан сүрінбей өтіп, жеңіс туын желбіретіңдер деген игі тілек айтамыз.






















ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі, Ақерке БЕКҚҰЛОВА
asyldin.kz
26.09.2017
3429
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру