Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы қаласы, Наурызбай ауданы «Абу Бакр» мешітінде әйелдер жамағатына семинар өткізілді.

26.09.2017 4540 0 пікір
Алматы қаласы, Наурызбай ауданы «Абу Бакр» мешітінде әйелдер жамағатына семинар өткізілді.

ҚМДБ-ның 12 қырқүйегі мен 25 қараша күндері аралығында жоспарлаған әйелдер жамағатына арналған семинары қырқүйек айының 23-күні Алматы қаласы, Наурызбай ауданы «Абу Бакр» мешітінде  жоғары деңгейде болып өтті.

Семинарға  ҚМДБ  мен Алматы қаласы Дін істер басқармасының білікті мамандары қатысып, жиналған әйелдер жамағатына бүгінгі қоғамдағы әйелдердің өзекті мәселелері мен жат ағымдардың кері әсерлерінен сөз қозғады. Өткізілген семинарда  «Нұр-Мүбәрак» университетінің докторанты Сейдманов Оралхан, Алматы қаласы «Әйелдер-қыздар» секторының басшысы Ахметова Маржан, Қоғам қайраткері Әбдірашит Бәкірұлы, Заңгер маман Айнақұлов Санат әйелдер жамағатының сұрақтарына Дін мен Заңды ұштастыра отырып қанағатты жауап берді.

Семинарда талқыланған негізгі мәселелер жанұядағы әйелдің орыны, шариғаттағы әйелдің мәртебесі, жат ағымның алдын алу және т.б. тақырыптар аясында орыналды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру