Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ғұлама ұстаз, ғалым Әбсаттар қажы Дербісәлі 70 жаста

25.09.2017 4684 0 пікір
Ғұлама ұстаз, ғалым Әбсаттар қажы Дербісәлі 70 жаста

Әбсаттар қажы Дербісәлі — Қазақстан ғылымында ғана емес, шығыстану, араб әлемі, дінтану, филология ғылымдарында, әдебиет саласында есімі ерекше заманымыздың заңғар ғалымы деуге болады.

Себебі айтылған салалардың әрқайсысында дәйекті құнды зерттеулері, еңбектерімен қатар қоғамымызда, дін саласында басшылық, қайраткерлік те қыры өз алдына. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрғасы, Бас мүфтилік қызметінде еліміздегі діни маман даярлау ісін қолға алып, медреселер ашып, бүгінде ислам ғылымының ордасына айналған Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің құрылуына тікелей ұйытқы болған еңбегі қашанда құрметке лайық.

Сондықтан ғалымның 70 жылдық мерейтойына арналған „Қазақстанның шығыстану ғылымы және рухани жаңғыру мәселелері„ атты ғылыми-теориялық конференциясына Нұр-Мүбарак университетінің басшылығы, ғалымдар тобы қатысып, арнайы құттықтады. Ректор, профессор Жуда Басюни:

    • Сіз ғұмырыңызды ғылымға арнап, теңдессіз туындыларды дүниеге әкелгеніңізді білеміз. Сондықтан бүгінгі салтанатты жиында қасиетті „әл-Аср„ сүресіндегі Алланың айтқан сөзін өте лайық деп отырмын. „...Сондай иман келтіріп, ізгі іс істегендер, бір-біріне шындықты үгіттесіп, сабырды үгіттескендер; олар зиянға ұшырамайды.„-деген. Сізді шын мәнінде Раббымыздың сипаттаған осы салиқалы тобынансыз деп білемін,-деді.
    • Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың арнайы құттықтауын Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек мырза жеткізіп, сондай-ақ Қазақстан халық Ассамблеясы төрағасының орынбасары Дархан Мыңбай, „Нұр Отан„ партиясының Төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед, ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев т.б. көптеген еліміздің белгілі азаматтары, ғалымдары құттықтап, болашақта да еліміздің ғылым саласына жемісті еңбек ететініне сенім білдірді.
      Конференцияның екінші жартысы „Қазақстандағы Шығыстану ғылымы мен руханияттағы Ә.Дербісәлінің шығармашылығы„,„Рухани жаңғыру мен қазіргі ғалам„ атты секциялармен жалғасты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру