Атырау қалалық «Әт-тақуа» мешітінде жамағаттың айлық отырысы өтті. Жамағат арасында бірлік пен бауырмалдықты нығайтуға бағытталған шара аясында Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының Атырау облысы бойынша өкіл имамы Батыржан Мансұров «Күмәннан сақтан, жақсы ойда бол» тақырыбында уағыз айтты.
Өкіл имам көркем сөз сөйлеудің дініміз үшін де аса маңызды болып табылатынын жеткізді. «Өйткені, аяқпен басып, қолмен жасалатын барлық күнәнің бастауында ұшқын оттай лапылдаған күйі көкейге шоқ боп түсер жаман ойдың жататыны белгілі. Демек, мұсылман адамның жаман ойдан сақтанып, одан қорғана білуі өз иманын қорумен бірдей хайырлы амал. Бұл ретте Ислам ғұламалары жақсы ойда болудың екі арнасы бар екенін атап көрсетеді. Оның бірі – айнала қоршаған адамдар туралы жақсы ойда болу, екіншісі – ұлық Алла Тағала туралы жақсы ойда болу. Қала берді, Алла Тағаланың «сыбырлағанды естуші», «көкейдегіні көруші» сипатын үнемі еске тұтсақ, жаман ойдың ауылы бізден алыс болмақ» - деді облыстың бас имамы Батыржан Мансұров.
Жиын соңында Әт-тақуа мешітінің бас имамы Өсімхан Аманбайұлы мүфтият өкіліне алғысын білдірді.
.jpg)
.jpg)
.jpg)

.jpg)
.jpg)
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
"Әт-Тақуа" мешітінің баспасөз қызметі
19.09.2017
3998
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру