Көкшетау қаласы мешіттерінің ұйымдастыруымен жастар жамағаты арасында шағын футболдан арнайы турнир болып өтті. Бұл - мүфтияттың бастамасымен биылғы жылы өткізілетін «Ұлы дала жастары» республикалық біріншілігіне іріктеу негізінде ұйымдастырылып отыр.
Жарысқа облыс орталығына қарасты бес мешіттің командалары қатысты. Барлық ойындар аса тартысты өтті. Теңбіл доп екі қақпаның да саңылауын тауып, әлсін-әлсін қақпашыны әбден әбігерге салды.
Алғашқы ойыннан Красный яр кентінің командасы шебер ойынымен көзге түсті. Басқа командалар да есесін жіберген жоқ. Осылай аталған турнирдің бас жүлдесін Ә.Шойымбекұлы атындағы мешіттің теңбіл допшылары иеленсе, қалған екі орын "Ғалым" және "Науан хазірет" мешіттерінің командаларына бұйырды.
Жүлдегерлерге арнайы марапаттарды "Жақия қажы" қалалық мешітінің бас имамы Серік Халықов табыс етті. Енді алғашқы екі жүлделі орынды иеленген командалар облыстық іріктеу сынында бақтарын сынайтын болады.










ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
"Науан хазірет" мешітінің баспасөз қызметі
18.09.2017
3466
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру