Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің кітапханасында «Ата салтым, асыл мұра ардағым» атты дәстүр сабақтастығынан танымдық шара болып өтті.
Шараға облыстық «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» басшысы Индира Беркімбаева және қыздар мен әйел жамағаттар қатысты.
Бас қосуды ашып сөз сөйлеген ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек қажы Тасболатұлы: «Халқымыз қашанда аналарды ардақтап, аруларды құрметтеп келген. Аналарымыз салт-дәстүрміздің сақтаушысы, берекенің ұйтқысы болғандығы тарихымыздан белігілі. Олардың өнегелі жолын бүгінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, салт-дәстүрімізді жаңғырту, дамыту, ұлттық тәрбиені қалыптастырудағы маңызды қадам» дей келе, аталған іс-шараның маңыздылығына тоқталып, дәстүр сабақтастығын жалғау ортақ іс екендігін жеткізді.
Сонымен қатар шарада облыстық «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» басшысы Индира Беркімбаева сөз сөйлеп, салт-санамызды ұрпақ тәрбиесі үшін құнды ғибратқа айналдыру жолдары жайлы ойын ортаға салды.
Жиынға қатысушылар өз пікірлерін көпшілік назарына ұсынып, осындай тағылымдық шараны өткізіп отырған өкілдікке алғыс білдірді.
Шара соңынан аналарға арнап дастархан жайылды.






ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
18.09.2017
3699
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру