Рухани жаңғыру жолында Алматы қаласында мешіт жамағатына арнап, ауқымды шаралар өтуде. Солардың бірегейі «Алматы қаласының 1001 жылдығының» құрметіне қала әкімдігінің қолдауымен өткен Алматы мешіттерінің мәдени-спорттық шарасы болып табылады. Шара «Асыл мұра» бағдарламасы аясында өтті. Негізгі мақсаты - мешіт жамағатының ауызбіршілігін нығайтып, азаматтарымыздың жат ағым жетегіне кетпеуін көздейді.
Шара Алматы қаласының Бас имамы Нұрбек Ауесханұлы мен Алматы қаласы әкімдігі, Дін істері басқармасы басшысы Айдар Рақымжанұлының құттықтау сөзімен ашылып, концерттік бағдарламаға ұласты.
Нұрбек қажы Ауесханұлы өз сөзінде: «Алла елшісі: «Күшті мұсылман әлсіз мұсылманға қарағанда Аллаға сүйікті әрі хайырлы», - деген. Ұлттық спорт түрлерінен тұратын бүгінгі шара денеміздің шымырлығын шыңдаумен қатар, бауырмалдығымызды артырып, дәстүрімізді жандандырады. Кейбір халықтарға еліктеп, төл дәстүріміз бен мәдениетімізді шеттетер болсақ, тәуелсіздігіміз ұзаққа созылмасы хақ»,- деп жиылған жұртшылықты патриоттыққа насихаттады.
Шарада «Асық ату», «Арқан тартыс», «Қол күрес», «Бағанаға шығу», «Садақ ату», «Қазақ күресі», «Кіртасын көтеру» сынды ұлттық ойындармен қоса «Футбол» турнирі болды. Жеңімпаздар велосипет, теледидар, ас үй жабдықтары секілді бағалы силықтарға ие болды.
Шараның ең ерекше тұсы жиылған 4 000-нан астам жамағатқа Алматы қаласының символы болған Апорт алмасын тарату болды. Жамағаттар қала күнін шынайы сезініп, мәз-мейрам болып тарасты.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Алматы орталық мешітінің баспасөз қызметі.
18.09.2017
3658
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру