БҚО Дін істері басқармасының ұйымдастыруымен және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жолдауымен 11 қыркүйек күні Батыс Қазақстан облысына Республикалық ақпараттық насихат тобының (РАНТ) мүшесі, Оңтүстік Қазақстан облысы орталық мешітінің наиб имамы, теолог Еркебұлан Қарақұлов арнайы келді.

Батыс Қазақстан облыстық өкілдігі тарапынан әзірленген жоспарға сәйкес РАНТ мүшесі 11 қыркүйек күні кешке облыстық орталық мешітте «Мазхаб ұстанудың үкімі және оның пайда болуы» атты тақырыпта уағыз айтты. Шам намазынан кейін басталған уағызға жамағат көп жиналды. Еркебұлан Қарақұлов ұстаздың уағызын жамағат сабырмен ұйып тыңдады. Артынша, жамағат көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, ұстаздан тұшымды жауаптарын алды.
Уағыздың негізгі желісі Алланың бізге берген тыныштығы мен бірлігіне шүкір етіп, бағалай білу және әрбіріміз соған өз үлесімізді қосуымыз тиіс деп түйіндеді.





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі
13.09.2017
3423
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру