Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Тасқыннан зардап шеккен Қызылжарлықтар қоныс тойын тойлады.

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі 11.09.2017 3613 0 пікір
Тасқыннан зардап шеккен Қызылжарлықтар қоныс тойын тойлады.

Көктемгі су тасқынынан зардап шеккен жанұяларға облыс әкімі Бердібек Мәшбекұлы үлкен қолдау білдіріп, бірқатарына үй тұрғызуға жер бөліп, қажетті құрылыс материалдарымен қамтамасыз еткен болатын.

Соның ішінде, Қызылжар елді мекенінен жер бөлінген бірнеше жанұя бүгінде жаңа үйлерінің қабырғасын тұрғызып, шатырын көтеріп үлгерді. Аталмыш үйлерге жылу құбырларын, газ, жарық, су секілді инфрақұрылымдарды тарту жұмыстары да облыс әкімдігі тарапынан қадағаланып, тиісінше көмек берілді. Әзірге үйдің ішкі-сыртқы сылақ жұмыстары, еден төсеу, әктеу сынды жұмыстары бар.

Отбасы мерекесінің қарсаңында облыстың өкіл имамы Төлеби Оспан Қызылжар ауылындағы бес жанұяны мерекемен құттықтап барды. «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінің «Сен де үлес қос!» акциясына жауапты қызметкерлер Мәжит Әбішев пен Кенжегүл Қошқарованың ұйымдастыруымен далаға дастархан жайылып, қазан жағылып, мерекелік ас та әзірленді. Дәм басында бәрі емін-еркін сұхбаттасып, Алланың әрбір ауыртпалықтан кейін жақсылық ілестіріп, жарылқайтындығын айтып, өткенге салауат, бүгінге тәубе десті. Өз сөзінде өкіл имам Төлеби Дәділұлы жанұялардың алдағы күндеріне де Алладан жеңілдік тіледі. Олардың облыс әкімі Бердібек Мәшбекұлының көрсеткен қолдауы мен көмегінен нәтиже шығарып, берілген кез келген көмек түрін берекесімен жеткізе білгендіктеріне, жігерді жасытпай сынаққа шыдамдылық танытқандықтарына зор алғыс айтты.

Қызылжарда қоныс тепкен бес жанұяның бірі Әзілхан есімді бауырымыздың әр сынақтан кейінгі Алланың жарылқауы болып, шаңырағына енген және бір шаттық  - ұрпағын жалғастырар ұлының дүниеге келуі еді. Мерекелік басқосуда өкіл имам бөбектің құлағына азан шақырып, Мүслім атын үш реттен қайталап, халқына жанашыр, иманды азамат болып өссін деген тілек айтты. 

Қоныс тойларын атап өтпесе де, оған құт орнасын деген тілекпен мешіт атынан әр үйге бір-бір кілемнен сыйға тартылып, аналарына көйлек, балғындарға да базарлықтар берілді.

P.S. Тасқын тағдырластырған бұл отбасылардың  балалары да бір-бірін туған бауырындай көріп, бірге өсуде. Бөліну, бөлектеу дегенді білмейді. Біз келгендегі көздеріндегі қуанышты, риясыз күлкіні көргенде, бақыт байлықтан емес, көңілдің кеңдігінен көрініс табатындығын ұққандай болдық. Сол күні азан шақырылып ат қойылған «Тасқынбай» да дәл осы бауырмалдықты бойға сіңіріп, ертең елінің қамын жейтін ұл болып өскей.

WhatsApp Image 2017 09 11 at 12.44.41 3

 

WhatsApp Image 2017 09 11 at 12.44.41 4

 

WhatsApp Image 2017 09 11 at 12.44.41 5

 

WhatsApp Image 2017 09 11 at 12.44.41 6

 

WhatsApp Image 2017 09 11 at 12.44.41 7

 

WhatsApp Image 2017 09 11 at 12.44.41 2

 

WhatsApp Image 2017 09 11 at 12.44.41 8

 

WhatsApp Image 2017 09 11 at 12.44.41 9

 

WhatsApp Image 2017 09 11 at 12.44.41 10

 

WhatsApp Image 2017 09 11 at 12.44.41 11

 

WhatsApp Image 2017 09 11 at 12.44.41 12

 

WhatsApp Image 2017 09 11 at 12.44.41 13

 

WhatsApp Image 2017 09 11 at 12.44.41 14 

 

WhatsApp Image 2017 09 11 at 12.44.41 15

 

WhatsApp Image 2017 09 11 at 12.44.41 1

 

WhatsApp Image 2017 09 11 at 12.44.41

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру