Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қазір

07 Мамыр 2026

20 Зулқағда 1447 Хижра

  ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР

«Төле би» мешітінің «Әйелдер-қыздар» секторы Құрбан айт мерекесі қарсаңында бүлдіршіндерге қуаныш сыйлады

08.09.2017 4186 0 пікір
«Төле би» мешітінің  «Әйелдер-қыздар» секторы  Құрбан айт мерекесі қарсаңында бүлдіршіндерге қуаныш сыйлады

Алматы қаласы, Алмалы ауданы «Төле би» мешітінің Бас имамы Құтышев Сейтбек Әбдірахымұлының қолдауымен «Әйелдер-қыздар» секторы Құрбан айт мерекесінде жас бүлдіршіндерге арнап «Балаларға базарлық» атты мерекелік кеш өткізді. 

Аталған мерекелік кешке арнайы келген Алматы қаласының Бас имамы Нұрбек қажы  Есмағанбет пен Алматы қаласы бойынша «Әйелдер-қыздар» секторының жауапты мүшесі Ахметова Маржанқыз құттықтау сөз айтты. Мерекелік рухани кеште түрлі ойындар ойнатылып, мешіт ауласында бүлдіршіндер үшін ойын алаңы құрылып, тәтті сусындар мен балмұздақтар таратылды.

Әйелдер жамағаты мешіт ішінде рухани кеш өткізіп, бүлдіршіндер арасында жарты пара және 30 пара бойынша Құран жарысы мен дұғалар жарысы жүргізілді. Кеш соңында «Әйелдер- қыздар» секторының  жауапты мүшесі іс-шараға ат салысқан жеңімпаз бүлдіршіндерді мақтау қағаздарымен марапаттап, балаларға сыйлықтарын таратты. Рухани кешке арнайы келген әйелдер жамағаты үшін кең дастархан жайылып, бата берілді.

Мешіт ауласына киіз үй тігіліп, мешітке келушілерге дастархан жайылды. Ал ер мешіт ауласында жамағат арасында гір тасын көтеруден, қой көтеруден, арқан тартыстан т.б. спорттық ойындардан күш сынасты. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар берілді. Сонымен қатар, мешіт жанашырларына, ақсақалдарға, жамағат ішіндегі зиялы қауым өкілдеріне т.б. арналып дастархан жайылды.

       Мешітте жасалған ең басты игі амалдың бірі  - ет үлестіруде назардан тыс қалдырмай, 170 жеке мұқтаж жандарға, 4 қоғамдық қорлар мен мекемелерге атап айтқанда «Ұлы Отан соғысы ардагерлері, тыл еңбеккерлері мен соғыс балаларының кеңесі» қоғамдық қорына, «Мирине» қоғамдық қорына мүше еңбек ардагерлері мен «Қазақ соқырлар қоғамының экспериментальдық» қорына материалдық түрде көмек көрсетілді. 

 

 

 

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру