«Әйелдер-қыздар» секторының ұйымдастыруымен Алматы орталық мешітінде жиналыс өтті. Жиынға Алматы қаласының бас имамы Нұрбек қажы Әуесханұлы қатысты.
Жиын барысында 2017-2018 оқу жылының жоспары, өтетін іс-шаралар, сонымен қатар, әйел жамағатымен әйелдерге қатысты мәселелерді талқылау мақсатында кездесулер ұйымдастыру қажеттілігі айтылды.
Нұрбек қажы Ұстаздық - жауапкершілігі мол қызмет екендігін, оған селқос қарауға болмайтындығын, дін саласындағы қызмет екі дүниеде де маңызды әрі абыройлы қызмет екендігін баса айта отырып, тұшымды уағыз-насихат айтты.
Жиналыс соңында ұстаздардың пікірлері мен ұсыныстары тыңдалып, оларға жауап берілді.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Алматы орталық мешітінің баспасөз қызметі
07.09.2017
3638
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру