Жыл сайынғы дәстүр бойынша «Мектепке жол -2017» акциясы аясында Ақмола облысына қарасты барлық мешіттер аз қамтылған отбасылардың балаларына қамқорлық қолын созды. Осылай биыл 900-ден аса балаға оқу құралдары мен аспаптары салынған сөмкелер тарту етілді.
Мұндай елдік істен ешкім сырт қалмайтыны анық. Қаншама кәсіпкерлер мен қарапайым азаматтар мешіттерге келіп, осы акцияға үн қосты. Мысалы, Целиноград аудандық мешіті 100-ден аса оқушыны киіндіруге атсалысты. Бір атап өтерлігі, қайырымдылық шарасы барысында оқу құралдары ғана емес, мектеп киімдері мен спорттық жейделер де берілді.
Мешіттер мұндай қайырымдылық шараларды жыл бойы жасайды. Күн сайын мешіттке алақан жайып келетін адамдарға қаржылай және материалдық көмектер көрсетіледі. Облыстық "Науан хазірет" мешіті жанындағы «Қайырымдылық» дүкені арқылы да азық-түлік таратылады.
Ізгілік пен мейірімділіктің алтын арқау ошағы – мешіттерімізден осылай жылылықтың лебі есіп тұрғаны қандай жарасымды. Асыл дініміздің бір тағылымы да осы шығар.









ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
"Науан хазірет" мешітінің баспасөз қызметі
07.09.2017
4298
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру